RU

Шенділерге 78 көлік сыйлаған Атамқұлов өзін бір сәт полицей сезініп көрді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов ОҚО ІІД-іне қарасты жергілікті полиция қызметкерлеріне 78 жаңа көліктің кілтін табыс етіп, патрульдік автокөлікке отырып көрді. Бұл туралы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі xабарлайды.

Аймақ басшысы Атамқұлов облыстық әкімдік алдындағы алаңға келіп, жергілікті полицейлермен кездесті. Арнайы шарада сөз алған әкім өңірде құқық қорғау қызметкерлерінің тындырымды жұмыстарын алға тартып, су жаңа көлікке ие болғалы отырған шенділерге өз құттықтауын жеткізді.

"Құрылғанына бір жылға жуық уақыт болған жергілікті полиция қызметіне көзқарас оң болды. Жергілікті полиция тәртіпті орнатуда зор күшке ие.

Сіздерге қоғамдық тәртіп орнатып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету,  қылмыс пен күрестің алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктеліп отыр. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында өңіріміздің әрбір азаматының заңды құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіліп отыр", - деді Атамқұлов.

Мұнан соң аймақ басшысы Оңтүстік Қазақстан облыстық жергілікті полиция қызметіне бағынышты полицейлерге "КИА-РИО" маркалы 72, "ВАЗ-2121010" маркалы 5 темір тұлпардың кілтін табыс етті. Су жаңа темір тұлпарлардың қасына жақындаған Атамқұлов патрульдік көлікке отырып, ыңғайлығын сынап көрді.

Айта кетейік, бүгінде  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша үш мыңға жуық жергілікті полиция қызметкері еңбек етіп келеді.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шенділерге 78 көлік сыйлаған Атамқұлов өзін бір сәт полицей сезініп көрді (фото)
Mailfire view pixel