RU

Қытай аруы әлемдегі ең сұлу оққағар атанды (фото)

Қытайдың Халықтық азат ету армиясындағы сарбазы Шу Синь Ханчжоуда өткен G20 саммитінде әлем назарына ілікті. Көркінен көз сүрінер бойжеткен Weibo әлеуметтік желісінің қолданушыларын тәнті еткен. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Қолданушылар оны әлемдегі ең сұлу оққағар атап, мақтауларын жаудырған.

Пікір қалдырушылар мұндай арумен кез-келген ер адам өзін бақытты сезінетініне сенімді.

Шу Синь саммит кезіндегі қызметі барысында итальяндық премьер-министр Маттео Ренцидің көлігінің қасында тұрған.

Daily Mail басылымының айтуынша, 2013 жылы Шу Синь Қытай армиясының ең сұлу аруларының бірі деп танылған. Оның бүгінде нешеде екені белгісіз. Ол бос уақытында ән айтып, би билегенді ұнатады.

G20 саммиті Ханчжоуда 4-5 қыркүйекте өткен.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244624-qytay-aruy-alemdegi-enh-sulu-oqqaghar.html