RU

Қытайлық дәрігерлер қазақстандық науқас балаларды алдап кетті

Тірек-қимыл қозғалысы шектелген қазақстандық балаларға қытайлық дәрігерлер опасыздық жасады деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

13 мүгедек баланы ата-аналары Бейжіңге алып барып, ем-дом үшін бірлесіп, бас-аяғы 200 мың доллар ақшаны жинап берген. Алайда қытайлық дәрігерлер тиісті дәрі-дәрмектің орнына ботокс берген. Яғни бүгінде Қазақстанда бұл – тегін берілетін зат. Қытай тілін түсінетін ата-аналардың бірі дәрігерлердің әңгімесіне құлақ түріп, алданғандарын аңғарған.

Балаларды аяққа тұрғызамыз деген дәрі ешқандай әсер бермеген. Бауыр еті балалары үшін қомақты несие алған ата-аналар енді ақшаларын қайтарудың амалдарын қарастырып жатыр. Арна тілшілері осы мәселеге қатысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министріне сұрақ қойған еді.

"Қазақстан азаматтары өз еріктерімен дәрігер таңдауға құқылы. Әрі қай елде емделетінін де өздері шешеді. Бұл мемлекеттен қайтып келген науқастарға Қазақстанда тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ақшаны олар өз еріктерімен берген. Сондықтан бұл біздің құзырымыздағы мәселе емес", - дейді Тамара Дүйсенова.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244642-qytaylyq-darigerler-qazaqstandyq-na.html