RU

Алматыда 30 миллион еуроға экстремалды аттракцион салынбақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы маңындағы тау шыңында экстремалды аттракцион салынады. Бұл туралы «Медеу Инвест» форумы барысында қалалық туризм басқармасының жетекшісі Тимур Дүйсенғалиев мәлімдеді деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Таудың ұшар басындағы көпір немесе көру алаңы тек әйнектен жасалады. Әйнектен жасалған көпір мен көру алаңдары әлемнің көптеген елінде бар. Бойындағы үрейді жеңіп, аспалы жолдан бір өткен турист ұмытылмас әсер алады. Енді осындай жоба Шымбұлақтың жоғарғы жағындағы Чкалов шыңына салынады. Мақсат – Алматыға келетін саяхатшылар санын арттыру.

"Шетелдік сарапшылар 30 миллион еуро инвестиция қажет деп отыр. Біздің есебіміз бойынша жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асады. Инвесторлардың қаржысына салынады", - дейді Туризм және сыртқы байланыс басқармасының жетекшісі Тимур Дүйсенғалиев.

Қазір қалада 135 қонақүй бар. Олар жылына 4,5 миллион адамды қабылдай алады. Ал өткен жылы шаһарға 700 мыңнан астам турист келген. Шетелдік саяхатшылар соның жартысына да жетпейді. Бұған қонақүйлердегі бағаның қымбаттығы да кері әсерін тигізген. Инвест форумда қазақ халқының өнері, мәдениеті мен ұлттық тағамдарын қатар ұсынатын шоу-мейрамханалардың ашылатыны белгілі болды.

"Жақында қаладағы бірінші этнокафе алғашқы меймандарын қабылдайды. Оған 450 миллион теңге инвестиция жұмсалды. Жыл соңына дейін тағы төрт қазақ мейрамханасы ашылады. Шетелдіктерге қолайлы болу үшін биыл Алматы маңындағы көрікті жерлердің картасы жарық көреді. Қағаз нұсқасымен бірге оның мобильді қосымшасы да жасалынады. Сонымен қатар туристік бағыттардағы инфрақұрылымдардың барлығы жөндеуден өтеді", - дейді Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 30 миллион еуроға экстремалды аттракцион салынбақ
Mailfire view pixel