RU

Қазақ жігіті украиналық "X-фактор" байқауында қазылар алқасын тәнті етті (видео)

Украинада "Х-фактор" байқауының 7-ші маусымы басталды. Оған алматылық Нұрболат Базарбаев та қатысып, байқаудың алғашқы екі кезеңінен сәтті өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол екінші кезеңде "Аллилуйя" әнін рояльмен сүйемелдей отырып орындап шықты. Қазылар алқасының құрамында Константин Меладзе, Юлия Санина, «Агонь» тобының солисті Антон Савлепов (Quest Pistols Show бұрынғы жетекшісі) және Андрей Данилко болған. Олардың үшеуі Нұрболатқа оңды жауап берсе, бірі оның байқауды одан ары жалғастыруына қарсы болды. Осылайша, ол үш адамның қолдауына ие болып, келесі кезеңге өтті.

Айта кетерлік жайт, жігіт ата-анасынан ерте айрылған. Осы уақытқа дейін ол өз күшіне ғана сеніп келген. Оның айтуынша, оның бойындағы музыкалық қабілет анасынан дарыпты.

 

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244705-qazaq-zhigiti-ukrainalyq-x-faktor-bayqa.html