RU

ОҚО-да алты баласымен жалғыз қалған келіншек бір тілім нанға зар болып отыр

ОҚО-да көп балалы ана қайырымды жандардан көмек сұрайды. Әсел Ибрагимова — алты баланың анасы. Он жыл отандасқан күйеуі бір күннің ішінде әйелді шиеттей бала-шағасымен тастап кеткен деп хабарлайды otyrar.kz.

Содан бері жалғызбасты ана өлместің күнін кешуде. Аядай ғана бөлмені жалдап тұратын ол кейде бала-шағасына күнделікті ас-ауқатын тауып беруден қиналамын дейді. Бір тілім нанға зар болған отбасы кей күндері көшеге шығып, қайыр тілейді.

Көп балалы ананың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Қалалық білім бөлімінің қызметкерлері жанұядағы үш балаға мектеп формасын және оқу құралдарын алып берді. Сондай-ақ жасөспірімдерді оқу кезінде бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Балалары мектепке барғанымен, ішетін астары жоқ. Жағдайының қиындығына қарамастан келіншек алты бала-шағасын өзім бағып-қағам деп намысқа тырысады. Өкініштісі сол, кейде ашқұрсақ ұйықтауға мәжбүр. Амалсыздан көпшіліктен көмек сұрап, қайырымды жандардың көңілін аудартуға көнді.

Егер қайырымды жандар болса, суретте көрсетілген Ибрагимова Әсел Жетібайқызы атындағы халық банкінің есеп-шотына қаржы аударса болады.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244754-oqo-da-alty-balasymen-zhalghyz-qalghan-ke.html