RU

Баян Есентаева: Маған әйелдердің құқығын қорғау ұйымынан бірде-бір адам хабарласқан жоқ

Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдердің құқықтарын қорғау ұйымын құруды жоспарлауда деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маған барша елдің алдында айтуға тура келеді, меніңше, бұны біреу бастауы қажет, себебі бізде әйелдерді ешкім қорғамайтындықтан, заңды білмейтіндіктен, өзінің күйеуінен қорқып отырған әйелдер көп. Менде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдерді қорғайтын ұйым құру туралы ой пайда болды, жағдайым да соған итермеледі. Мен жақын адамнан зардап шеккен әйел ретінде бұл мәселенің барлық қырларын білемін», - деді Есентаева танымал қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

«Менің басымда осындай жағдай орын алды, бірақ бірде-бір әйелдер ұйымы маған хабарласып, халімді біліп, маған ештеңе ұсынған емес. Бізде әйелдер қауымдастықтары осылай жұмыс істейді. Сондықтан әйелдердің мәселесін шынымен шешетін ұйым қажет», - деді Есентаева.

Оның атап өткеніндей, қол көтеріп, жазадан оп-оңай сытылып шығатын ерлердің қатыгездігінен әйелдерді жеке өзі қорғауға дайын. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен ресми түрде, жариялы түрде күресу қажет, деп есептейді ол.

«Осы мәселеге қоғам назарын аудару үшін, мүмкін мен осылай жалпақ жұртқа жария етуім қажет шығар. Бізде осылай болатынын, ерлеріміз осындай екенін таныту үшін. Мұндай мәселелер дендеп кеткен. Менің достарым, әріптестерім жапа шегіп жатыр. Әйелдер мен душар болған зорлықты күнде көріп отыр. Бұнымен ешкім айналыспай отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, ол күйеуін жақсы көрмеген, тек бауыр басып қалған, дегенмен соңғы екі жыл онымен тұру мүмкін емес болған. Сондықтан ол ажырасу туралы ойлай бастады. Дегенмен күйеуі егер айырылысатын болса, оны өлтіретінін айтып қорқытқан.

Еске сала кетейік, 7 қыркүйек күні Астанада парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын заң жұмыс істемейтінін мәлімдеген.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244779-bayan-esentaeva-maghan-ayelderdinh-quqy.html