RU

Ақтөбеде 14 баланы құшағына басқан отбасы тағы да бір баланы бауырына баспақшы

Ақтөбедегі көп балалы Жетесовтер отбасы 6 қыркүйек күні Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық кітапханада бенефис-кездесу өткізді. Патронат отбасы 11 баланы асырап алып, қамқорлық танытып отыр. 6 ұл, 5 қыз тәрбиелеп отырған шаңырақ тағы да кеңеюі мүмкін деп хабарлайды aktobenews.kz.

"11 бала бізге көп емес. Құдай қаласа, ата-анасыз қалған тағы да бірнеше балаға қамқор болғымыз келеді. Шүкір, алға қойған мақсаттарымыз ақырындап орындалып келе жатыр. Балаларым қасымнан өткенде бетімнен сүймей кетпейді. Маған шағын балалар үйін ашу туралы да ұсыныс түсті. Бірақ мен оған қарсы болдым. Бауырыма басқан әр баланы өз баламдай етіп тәрбиелегім келеді. Маңдайынан сүйіп, бағып отырған балаларды басқа біреудің асырап алуға келгенін қаламаймын", - дейді Өмірхан Жетесов.

Ал отанасы күнде кешкілік балалардың басын қосып, үйде жиналыс өткізетінін айтты.

"Күн сайын үйде жиналыс болады. Қыздармен бөлек, ұлдармен бөлек сөйлесемін. Олай жасамаса тағы болмайды. Қазір заман талабы басқа. Балаларымды әзірге интернетке жолатып отырған жоқпын. Баланың балалығы сақталу керек. Олар әдемі болып елді сүйсіндіріп жүрсе, біздің де көңіліміз толар еді", — дейді Амангүл Ешпанова.

Өнерлі отбасына келген балалар да өздерінің қуаныштарымен бөлісті.

"Біз ата-анамызды жақсы көреміз. Олар бізге көп нәрсені үйретті. Қазір үйде әрқайсымыз әртүрлі музыкалық аспапта ойнаймыз. Үлкен отбасында үлкен қуаныштар көп болады. Біз өнегелі отбасымыз", — дейді ұлдардың үлкені Дамир Ізібаев.

Облыстық кітапханада бенефис-кездесу өткізген отбасы шағын концерт қойып берді.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244866-aqtobede-14-balany-qushaghyna-basqan-zhete.html