RU

Есентаев ұзақ жылдар бойы казиноға ақшасын, пәтерлері мен көліктерін ұттырып келген

Танымал продюсер Баян Есентаева күйеуінің казино ойындарына әуестігі бар екенін жасырмай айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жыл басында желіде Баян Есентаеваның күйеуі түсіп қалған видео пайда болған. Видеода казинолардың біріне барып, онда оның қызметкерлерімен жаға ұстасқан ер адамды көруге болады. Жұрт оны Баянның күйеуі десіп, біраз дүрліккен болатын. Ол кезде Баян видеодағы ер адам "менің күйеуім емес" деп, жалпақ жұртқа жар салып, бұл жағдай тез ұмытылған. Енді, міне, араға уақыт салып, ол тележүргізуші Динара Сәтжанның осыған қатысты сұрағына толыққанды жауап беріп отыр.

"Бұл казиномен өмір сүріп келе жатқаныма 22 жыл болды. Осы жылдар ішінде ұтыстар мен ұтылыстарға етім үйреніп кетті. Ұтылмаған не қалды, қанша ақша ойналатын. Мен одан барынша сақ болуды ғана сұрадым. Бұл оның ісі екенін, одан басқа оның қолынан ешнәрсе келмейтінін, ол кәсіби ойыншы екенін түсінетінмін. Өзім ешқашан казинода ойнап көрген емеспін, мен бұған көзімді жұмып қарайтынмын, отбасымдағы осы бір шындықты қабылдағым келмейтін. Осы уақыт ішінде көз жасым көл болған сәттер көп болды, қаншама пәтер, көлік, ақша желге ұшты. Мен бұл туралы есіме де алғым келмейді", - деп айтып берді продюсер.

Есентаеваның айтуынша, бұл ролик жария болғанда, ол қатты күйзеліп жүрген екен. Әнші тіпті елдегі телеарналардың басшыларына хабарласып, бұл туралы жария етпеуді де сұраған.

«Үйде де ұрыс-керіс шығармадым. Мен бір күні мұның бәрі жария болатынын түсіндім. Иә, ащы шындық осы, міне, осындай адаммен тұрып жатқанымды түсіндім. Бұдан мен кезекті рет сабақ алдым. Менің таңдауым осы болды, осы адаммен бірге өмір сүрдім. Мен оны сыйладым, тіпті оның ісіне де құрметпен қарадым", - деп атап өтті Есентаева.

Еске салсақ, бүгін, 8 қыркүйек күні, Баян Есентаева Динара Сәтжанға эксклюзивті сұхбат беріп, алғаш рет 10 маусымда басынан өткен жағдай туралы ашық әңгімелеп берді.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244944-esentaev-uzaq-zhyldar-boyy-kazinogha-aq.html