RU

Баян Есентаева күйеуімен ажырасты

Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева қазақстандық журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында 22 жыл отасқан күйеуімен айырылысып кеткенін хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.

Оның айтуынша, соңғы екі жыл онымен тұру мүмкін емес болған. Сондықтан ол айырылысу туралы ойлай бастады. Дегенмен күйеуі егер айырылысатын болса, оны өлтіретінін айтып қорқытқан.

«Мен шағымдануды ұнатпаймын. Мен достарыма айтқан емеспін (отбасындағы жанжалдар туралы), себебі одан ештеңе өзгермейді. Достарыма келіп айттым делік, содан не өзгереді? Мен үшін ештеңе де өзгермейді. Ол жақсы әке, жақсы жар болды, мен сүйді. Бұның басқа қыры бар. Мен оны сүйдім бе. Мен оны сыйладым, ол қандай болса, сондай қабылдадым. Бірақ мен оны сүйемін деп айтқан емеспін, бауыр бастым, ортақ балаларымыз болды. Сезім болмай, осылай көп жылдар бірге тұрғанымыз, болған оқиғамызға алып келді. Соңғы екі жыл тіпті мен үшін мүмкін емес болды, тұлға ретінде, әйел ретінде, оның зайыбы ретінде қатты қиналдым. Мен одан айырылысу туралы сұрадым, бірақ ол келісімін бермеді. Мені өлтіретіндігін айтып қорқытты. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық, сен қорқыныш пен үрейде тұрасың. Мен оның қолынан ондай келетінін білдім және қателеспеппін», - деді ол.

22 жыл отасқан күйеуіне балалары үшін кешірім жасау туралы сұраққа Баян жауап бере алмады.

«Мен қазір шешім қабылдайтын жағдайда емеспін. Менің бойымды қорқыныш билеп алғанын басында айттым. Сенімен осылай жақын адамың істеген болса, танымайтын адамдардан не күтуге болады?! Мен өте қатты қорқамын (...) Мүмкін бір кездері... Пышақты алып, адамның өмірін қиюға ешкімнің де құқығы жоқ, тек Құдайдың билігі. Адамның ең жаман қылығы - пышақты алып, өзге адамды өлтіру шығар. Мүмкін экранның ар жағында отырған адамдар бұған мені лайық деп айтатын шығар, солай-ақ болсын», - деді Есентаева.

«Мен бір сөзді оқығаным бар: «егер сен қандай шешім жасауды білмесең, заңмен істе». Мен өзімнің тергеуде айтқан жауабымның барлығын мен әсірелеген емеспін. Мен осы екі сағатта не болды, соны айттым. Қазір мен соттың шешім шығарғанын қалаймын.  Мен тағы айтқым келеді, менің өмірімді ешкім сүрмейді: ол да емес, менің балаларым да емес, қоғам да емес, ешкім. Бұл менің өмірім, Құдай қалай берді, сондай өмірім бар. Меніңше оның тағдыры істеген ісі үшін заңмен шешілуі тиіс», - деп атап өтті ол.

Еске салсақ, 10 маусымда Есентаева ми жарақаты, мұрны сынып, пышақ жарақаттарымен Талғар ауруханасына жеткізілген. Кейін анықталғандай, оны жұбайы Бақытбек Есентаев жанжал барысында жарақаттағаны анықталды. Ол Талғар АІІБ-ге жеткізілді, кейіннен УҰИ-ға қамауға алынды. Тұтқындау мерзімі 10 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Тағы да оқыңыздар:

Баян Есентаева: Мен жаныма бес метрге жақындаған кез-келген ер адамнан шошимын (видео)

Ақтөбеде 14 баланы құшағына басқан Жетесовтер отбасы тағы да бала асырап алмақ

Дереккөз: 9 қыркүйек күні Кәрім Мәсімовтің үкіметі отставкаға кетеді деп күтілуде

ОҚО-да алты баласымен жалғыз қалған келіншек бір тілім нанға зар болып отыр

Алматыда 30 миллион еуроға экстремалды аттракцион салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1245116-bayan-esentaeva-kuyeuimen-azhyrasty.html