RU

Ақтауда зорланған алты жасар қызды енді Кембридж дәрігерлері емдемек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтауда зорланған 6 жасар қызды емдеуге Кембридж дәрігерлері тартылды. Бұл туралы 8 қыркүйекте «ҚазАқпарат» тілшісіне Астанадағы Ана мен бала орталығының баспасөз хатшысы Данияр Меңілбеков мәлім етті.

Айта кетейік, 27 тамызда алты жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасынан санавиациямен Астанаға жеткізілген болатын.

«Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр халде. Жансақтау бөлімінде жатыр. Телемедицина арқылы Кембридж дәрігерлерінен кеңес алдық, жергілікті дәрігерлермен бірге талқыланды. Зақым миға келген», - деп атап өтті ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ақтау полицейлері алты жасар қызды зорлауға қатысты күдіктіні ұстады. Күдікті Ақтау қаласының тұрғыны, 1984 жылы туған, бұрын сотталмаған. Күдікті өзінің айыбын мойындады.

Еске салсақ, 20 тамызда «Иваныч» дүкенінің маңында алты жасар қыз жоғалып кетті. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер баланы өндірістік аймақ ауданынан тапты. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, оған ыстық өткен және денесінде көптеген жарақат бар. Дәрігерлер зорлау фактісін қуаттады, Қылмыстық кодекстің 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Тағы да оқыңыздар:

Баян Есентаева: Мен жаныма бес метрге жақындаған кез-келген ер адамнан шошимын (видео)

Ақтөбеде 14 баланы құшағына басқан Жетесовтер отбасы тағы да бала асырап алмақ

Дереккөз: 9 қыркүйек күні Кәрім Мәсімовтің үкіметі отставкаға кетеді деп күтілуде

ОҚО-да алты баласымен жалғыз қалған келіншек бір тілім нанға зар болып отыр

Алматыда 30 миллион еуроға экстремалды аттракцион салынбақ

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда зорланған алты жасар қызды енді Кембридж дәрігерлері емдемек
Mailfire view pixel