RU

Психолог Алматыда ер кісіні мүшелеген адамның психотипін анықтады

Алматыда ер кісіні мүшелеген адам оны адам ретінде қабылдамаған. Мұндай болжамды психологиялық талдау маманы Оксана Гулак жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл оқиғаның жай-жапсары туралы ақпарат аз, дегенмен бір нәрсе анық - психологиялық тұрғыда сау адам мұндайға бармайды. Адамға сондай қиянат жасау барысында кісі өлтірушіге оны адам ретінде санамау маңызды. Сондықтан ол осы психотипке жатады деп болжауға болады. Әдетте, ондай адамдар жұртқа жаны ашымайды, оларға қатысты сезім білдіре алмайды. Оның адамгершілігі жоқ, тұлға ретінде де қалыптаспаған», - деді Гулак.

Сарапшының ойынша, аталмыш істі жасаған адам күйзелісте болғаны анық, оның алдында тұрған адам ол үшін тұлға ретінде емес, зат немесе мақсат ретінде көрінеді.

«Есірткі мен алкоголь бақылау деңгейін төмендетеді. Сол кезде адам шынайылықты қабылдай алмай қалады. Біз көп болжам жасауымыз мүмкін, бірақ мұны істеген адамда шынайылық принциптері болмағаны анық. Аффект жағдайында болды немесе ол патологиялық психопат, оның өзіндік «эгосы» бұзылған. Өзге адамды тұлға ретінде қабылдайтын адам мұндайға бара алмайды», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Алматыда қоқыс жәшігінен адамның кесілген дене мүшелері табылды.

Үй-күйсіз адам Райымбек және Абылай хан даңғылдарының қиылыстарындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен адамның басы және аяқ-қолдарын тауып алған. Қазір жантүршігерлік қылмыс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Баян Есентаева: Мен жаныма бес метрге жақындаған кез-келген ер адамнан шошимын (видео)

Ақтөбеде 14 баланы құшағына басқан Жетесовтер отбасы тағы да бала асырап алмақ

Дереккөз: 9 қыркүйек күні Кәрім Мәсімовтің үкіметі отставкаға кетеді деп күтілуде

ОҚО-да алты баласымен жалғыз қалған келіншек бір тілім нанға зар болып отыр

Алматыда 30 миллион еуроға экстремалды аттракцион салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1245161-psikholog-almatyda-er-kisini-mushelege.html