RU

Apple су өтпейтін су жаңа iPhone 7 смартфонын халыққа таныстырды

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Apple компаниясы iPhone 7 және iPhone 7 Plus смартфондарының тұсауын кесті деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Жаңа гаджеттер алғаш рет су және шаң өткізбейтін корпуспен шығарылған. Процессоры аса қуатты смартфонның камерасы 12 мегапиксельді және алты қабатты линзамен жабдықталған.

Компанияның басты жаңалығы - әдеттегі құлаққабының болмауы. Оның орнына AirPods деп аталатын жаңа гарнитура ұсынылып отыр. Яғни, сымсыз құлаққап. Оның жеке бағасы 159 АҚШ долларын құрайтын болады.

Жаңа iPhone-ның аккумуляторы бұған дейінгі модельден қуаттырақ, ол 2 сағатқа артық жұмыс істейді. Егер гаджетте Wi-Fi қосулы болса - 14 сағат, ал егер 4G нүктесі арқылы интернетке қосылса 12 сағат жұмыс істейді. iPhone 7 Plus смартфоны болса кез-келген интернет көзімен 15 сағат бойы жұмыс істейтін қуатқа ие.

Аса қуатты Apple A10 процессорының көмегімен iPhone 7 смартфоны iPhone 6s смартофндарына қарағанда 40%-ға жылдам ойланады. Ал, жаңа гаджеттердің сатылымы 16 қыркүйекке жоспарланған. iPhone 7 гаджетінің бастапқы құны — 649 доллар, iPhone 7 Plus-тің бастапқы бағасы — от 769 доллар.

Тағы да оқыңыздар:

Баян Есентаева: Мен жаныма бес метрге жақындаған кез-келген ер адамнан шошимын (видео)

Ақтөбеде 14 баланы құшағына басқан Жетесовтер отбасы тағы да бала асырап алмақ

Дереккөз: 9 қыркүйек күні Кәрім Мәсімовтің үкіметі отставкаға кетеді деп күтілуде

ОҚО-да алты баласымен жалғыз қалған келіншек бір тілім нанға зар болып отыр

Алматыда 30 миллион еуроға экстремалды аттракцион салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1245257-apple-su-otpeytin-su-zhanha-iphone-7-smartfonyn-khaly.html