RU

"КешYOU-дің" әншісі 10 жылдық концерттен бір күн бұрын ота жасатқан

"КешYOU" тобының солисі Жұлдыз Өмірғали мерейтойлық концерттен бір күн бұрын мұрнына ота жасатқан деп жазады Stan.kz.

Құрылғанына 10 жыл толған "КешYOU" тобы 24 мамырда мерейтойлық концерттерін өткізген еді. Естеріңізде болса, қыздар су астында өнер көрсеткен-ді. Дайындық барысында топ мүшесі суға түсемін деп, мұрнына суық тигізіп алса керек.

Жұлдыздың «гаймориті» асқынып, мамырдың 22-нен 23-не қараған түні ота жасатуына тура келген. Ал концерт соның ертесіне, яғни 24 мамырда өтті.

Топ директоры Назым Басқынбаева Жұлдызға қайсар әрі шыдамды деп баға берді.

Ал желі қолданушылары топ солисіне зор денсаулық тілеп, мықты сарбазға теңеді.

"Бұл ең ауыр процедура", "Мықтысыз, Жұлдыз. Сізді жақсы көремін", "Қандай шыдамды", "Шыдамды, қайтпас сарбаз екенсіз, зор денсаулық тілейміз", "Ішіндегі ең қарапайым қыз екен", – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

Тағы оқыңыздар:

Бердібек Сапарбаев көпшіліктің алдында Бауыржан Байбекке ерекше алғыс айтты

Депутаттар: Қонақтар апталап жататын қазақтарға қандай тіркеу болуы мүмкін?

ОҚО-да 21 нәрестені сатқан әйел өзін кінәлі санамайды

Қазақстандықтар жыныстық қатынасқа топпен түсуге әуестене бастады

Ақтауда зорланған алты жасар қызды енді Кембридж дәрігерлері емдемек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1245464-kesh-anshisi-10-zhyldyq-koncertten-bir-k.html