RU

Назарбаев Мәсімовті ҰҚК-нің төрағасы етіп тағайындады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

"Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының үкіметі Қазақстан Республикасы үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын", - делінген президент жарлығында.

Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов 1965 жылы дүниеге келген. Бейжіңдегі Тіл білімі институтын, Қытайдағы Ухань заң университетін, Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген. АҚШ Колумбия университетінде машықтанудан өткен. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.

ҚР Еңбек министрлігінде бас экономист, сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Үрімші (ҚХР) қаласындағы Сыртқы экономикалық байланыстар Министрлігі өкілдігінде жетекші маман, Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің атқарушы директоры қызметін атқарды.

«Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ Басқармасының және «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығы қызметін атқарды. ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, ҚР президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2006 жылдың қаңтарынан Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, 2006 жылдың сәуірінен - Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, 2007 жылдың қаңтарынан Қазақстанның премьер-министрі, 2012 жылдың қыркүйек айынан - Президент Әкімшілігінің басшысы, 2014 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Қазақстанның премьер-министрі қызметтерін атқарды.

Тағы оқыңыздар:

Бердібек Сапарбаев көпшіліктің алдында Бауыржан Байбекке ерекше алғыс айтты

Депутаттар: Қонақтар апталап жататын қазақтарға қандай тіркеу болуы мүмкін?

ОҚО-да 21 нәрестені сатқан әйел өзін кінәлі санамайды

Қазақстандықтар жыныстық қатынасқа топпен түсуге әуестене бастады

Ақтауда зорланған алты жасар қызды енді Кембридж дәрігерлері емдемек

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1245491-karim-masimov-uqk-toraghasy-bolyp-tagha.html