RU

Үкіметті уақытша Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды

Қазақстан премьер-министрінің міндетін уақытша атқарушы болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы премьер-министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген президент жарлығында.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниге келген. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, Қазақстан премьер-министрі Кеңсесінің басшысы, Павлодар облысының әкімі, Экономикалық даму және сауда министрі, «Нұр-Отан» ХДП  Төрағасының бірінші орынбасары,  Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары, Өңірлік даму министрі қызметтерін атқарған.

2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.

Тағы оқыңыздар:

Бердібек Сапарбаев көпшіліктің алдында Бауыржан Байбекке ерекше алғыс айтты

Депутаттар: Қонақтар апталап жататын қазақтарға қандай тіркеу болуы мүмкін?

ОҚО-да 21 нәрестені сатқан әйел өзін кінәлі санамайды

Қазақстандықтар жыныстық қатынасқа топпен түсуге әуестене бастады

Ақтауда зорланған алты жасар қызды енді Кембридж дәрігерлері емдемек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1245525-qazaqstannynh-uaqytsha-premer-minist.html