RU

Қазақстан ең беделді елдер рейтингісінде Ресейден озып кетті

Әлемдегі беделі жоғары елдердің рейтингісі жарияланды. Оған ең беделді 70 мемлекет кірген деп хабарлайды Independent сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Қазақстан бұл тізімде 61-ші болып тұр. Ал Ресей Қырымға қатысты жағдайдан соң және Сириядағы Башар Асад режимін қолдағаны үшін 65-орынға түскен.

Тізімде Швеция көш бастап тұр. Ол тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүрудің жоғары деңгейінің арқасында әлем сахнасында өз беделін арттыра түсті.

Үздік үштік құрамына Канада мен Швейцария еніп тұр. Бір қызығы, АҚШ та, Англия да үздік ондық қатарынан көрінбеді. Америка Құрама Штаттарының беделінің түсіп қалуына Милуоки қаласындағы жаппай тәртіпсіздік пен афроамерикалықтардың жиі наразылық танытуы себеп болып отыр. Оған қоса, бірқатар штаттарда қылмыстың көбеюі де әсер еткен. Осылайша, АҚШ 28-орынға шықты. Ал британдықтар болса 13-орынды қанағат тұтқан.

Рейтинг 16 талап бойынша жасаған. Мәселен, қауіпсіздік, сөз бостандығы, мемлекеттік әлеуметтік саясаты, үкімет тиімділігі, экономика мен жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығы.

Елдер рейтингісі:

  1. Швеция
  2. Канада
  3. Швейцария
  4. Австралия
  5. Норвегия
  6. Финляндия
  7. Жаңа Зеландия
  8. Дания
  9. Ирландия
  10. Нидерланды

...59. Украина

...61. Қазақстан

...65. Ресей

Тағы оқыңыздар:

Бердібек Сапарбаев көпшіліктің алдында Бауыржан Байбекке ерекше алғыс айтты

Депутаттар: Қонақтар апталап жататын қазақтарға қандай тіркеу болуы мүмкін?

ОҚО-да 21 нәрестені сатқан әйел өзін кінәлі санамайды

Қазақстандықтар жыныстық қатынасқа топпен түсуге әуестене бастады

Ақтауда зорланған алты жасар қызды енді Кембридж дәрігерлері емдемек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1245532-qazaqstan-anaghurlym-bedeldi-elder-re.html