RU

Қария Каримовтің зиратына бару үшін Самарқанға велосипедпен шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

5 қыркүйек күні таңертең Наманган облысы Чартак ауданының 75 жастағы зейнеткері Хусан Хожибаев велосипедімен Самарқан қаласына жолға шықты.

Самарқанда Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов жерленген деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Жолаушы зейнеткер қалаға 8-9 қыркүйекте жетуді көздеп отыр. Ауылдастары Хусан-бобо деп атап кеткен Хусан Хожибаев марқұм Ислам Каримовті "жақыным" және "досым" деп атайды. Зейнеткердің айтуынша, Наманганнан Самарқанға дейін 521 шақырымды велосипедпен 4-5 күн жүріп өтуге болады.

Көптеген адамдар ақсақал сапарының мақсатына таңырқай қарайды, бірақ қолдарынан келгенше көмектесуге тырысады. Хожибаевтың пікірінше, Каримов халықтың жағдайын жақсарту үшін көп еңбектенді, енді ол "жақын досы" үшін велосипедпен 4-5 күн тер төккісі келеді.

Зейнеткер біраз жыл бойы өзбек басшысына хат жазып келгенін, Каримов көмегін аямағанын айтты.

"Жыл сайын 1 қыркүйекте ол мені туған күніммен құттықтайтын. Өзі келе алмаса да, маған жергілікті аудан және облыс шенеуніктері құттықтап келіп жүрді", - деді Хусан-бобо.

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримов 2 қыркүйекте инсульттен қайтыс болды. Каримовті 3 қыркүйекте Самарқандағы Шахи-Зинда зиратына жерледі.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Мәсімовті ҰҚК-нің төрағасы етіп тағайындады

ҰҚК бұрынғы басшысы Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Үкіметті уақытша Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды

Өзбекстанды уақытша премьер-министр басқаратын болды

Ақтөбеде 14 жасында тұрмыс құрған келіншек Сирияға кете алмай қалғанына қуанып жүр

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қария Каримовтің зиратына бару үшін Самарқанға велосипедпен шықты
Mailfire view pixel