RU

Алты бірдей барысты өлтіріп алған Алматы зообағы тағы да дауға қалды

Алты бірдей барысты өлтіріп алған Алматы зообағы тағы да дауға қалды. Енді бұл мекемені Ақмола облысының полицейлері тексермек деп хабарлайды КТК арнасы.

«Қызыл кітапқа» енген Амур жолбарысын жасырын алып келген бақ қызметкерлері енді мән-жайды тергеушілерге тәтпіштеп түсіндіруі тиіс.

Жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған жануарды негізі астаналық тұрғын тегін берген екен. Бірақ өзі көзге түскісі келмей, бақ қызметкерлеріне біржарым жастағы жолбарысты тастап кеткен жерін айтқан көрінеді. Оны зообақ директоры тиісті орындарға хабарламаған.

Мұндай жауап полицейлердің күдігін тудырғаны анық. Заң бойынша, «қызыл кітапқа» енген аңды қолда баққандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы тиіс. Басы тағы дауға қалған бақ басшылығы енді Амур жолбарысының қайдан тап болғанын еш түсіндіре алмай отыр.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Мәсімовті ҰҚК-нің төрағасы етіп тағайындады

ҰҚК бұрынғы басшысы Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Үкіметті уақытша Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды

Өзбекстанды уақытша премьер-министр басқаратын болды

Ақтөбеде 14 жасында тұрмыс құрған келіншек Сирияға кете алмай қалғанына қуанып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1245793-alty-birdey-barysty-oltirip-alghan-alm.html