RU

"Серік Ахметов қайтыс болды" деп жалған ақпарат таратқан азамат экс-премьерден кешірім сұрады

"Серік Ахметов қайтыс болды" деп жалған ақпарат таратқан Жандос Байшеміров экс-премьерден бір жыл өткен соң ғана кешірім сұрады деп хабарлайды 31 арна.

Осы қылығы үшін түрмеде сегіз ай отырып шыққан азамат сегіз жылға сотталған шенеунік жазасын өтеп жатқан 159/18 түзеу мекемесіне ресми хат жіберген.

Жамбыл облысындағы Көгершін ауылының тұрғыны бұрынғы шенеунікке отбасына тез оралуын тілепті.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде «Руслан Маекеев» деген есіммен парақша ашқан 26 жастағы азамат онда "Серік Ахметов қайтыс болды" деген ақпарат жариялаған болатын. Кейін құзырлы органдағылар оны жоққа шығарып, көп ұзамай Жандос Байшеміровті де қолға түсірді.

Екі миллион теңге көлемінде салынған айыппұлды өтей алмаған азамат, ақыры сегіз айға жуық уақыт түрмеде отырған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Мәсімовті ҰҚК-нің төрағасы етіп тағайындады

ҰҚК бұрынғы басшысы Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Үкіметті уақытша Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды

Өзбекстанды уақытша премьер-министр басқаратын болды

Ақтөбеде 14 жасында тұрмыс құрған келіншек Сирияға кете алмай қалғанына қуанып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1245876-serik-akhmetov-qaytys-boldy-dep-zhalghan.html