RU

9 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

Тоғызыншы қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Бүгін көп нәрсе үйретіп, биік белестерге жетелейтін адаммен танысасыз. Сүйгеніңізден күтпеген сый аласыз. Қандай шешім қабылдасаңыз да, оны өзгелермен ақылдаса отырып қабылдағаныңыз жөн.

Торпақ

Бүгін жақын адамдарыңызбен хабарласып, өткен қызықты кештерді еске аласыз. Өзіңіздің имиджіңізді өзгеріп, оған көңіліңіз толмауы мүмкін. Бірақ, бұл өзгеріске айналадағылардан жақсы сөздер естисіз.

Егіздер

Сүйген адамыңызды ренжітуді қойып, онымен келісіп, жаңа жоспар құратын уақыт келді. Қаржы мəселесіне аса көп мəн беріңіз. Көп қаражат талап ететін затты алмаңыз.

Шаян

Бүгін көңіліңізді көтеріп отырысқа барғаныңыз жөн. Ол жерде өмірлік серігіңізді табуыңыз мүмкін. Алға қойған мақсаттарыңыз орындалады.

Арыстан

Кешегі мұң - бүгінгі қуаныш! Сіздің сүйіктіңіз, әлбетте, бүгін сізге деген махаббатын жеткізеді, өзі тікелей айтпаса да, сіз оны сезесіз! Махаббатқа адал болыңыз, сіздей жанды табу үлкен бақыт!

Бикеш

Көп ойлануды қойыңыз! Ең дұрысы бүгін жақсы музыка тыңдап, проблемаларды ойламау. Өзі шешіледі, өйткені сіз мықтысыз! Өзіңізге сеніңіз!

Таразы

Саспаңыз, қорықпаңыз, батыл бола біліңіз, ғашық болған адамыңызға ұсыныс жасаңыз. Мүмкін ол адам да сізге ғашық шығар.

Сарышаян

Ол адам тағдырыңыз болса, ешқашан кетпейді, өміріңіздің бір бөлшегі болып қалады. Тіпті уақыт өте келе сіздерді ешкімде айыра алмайтын болады. Бастысы дұрыс жолды таңдасаңыз болды!

Мерген

Сіз өзіңіз білмесеңіз де, махаббат үшін көпке бара алатын жансыз, бірақ көбісі оны бағаламайтыны анық. Оларға мән бермей мықты болуға тырысыңыз.

Тауешкі

Сіз Жеңуден, жеңілуден, құтқарудан, ақылды болудан шаршадыңыз, сізге керегі жылы сезімдер, нәзік қолдар, тамаша көздер, және соның құшағына батып, тәтті ұйықтау қажет болып жүр.

Суқұйғыш

Күніңіз жақсы басталады. Бекерге өткізбеңіз. Ойын-сауық кештерге баруыңыз мүмкін. Осы күніңізді сергек өткізуге тырысыңыз. Аздаған қиындықтар болады. Сізге кейбірі қиын тиуі мүмкін. Бірақ оларды кейін тез ұмытатын боласыз. Бақытты болатын күндер әлі алда. Еш мұңаймаңыз!

Балықтар

Жақында балықтардың арман тілектері орындалады. Бастысы күте білуді үйреніңіз. Сол күте білгеніңіздің нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетуіңізге болады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Мәсімовті ҰҚК-нің төрағасы етіп тағайындады

ҰҚК бұрынғы басшысы Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Үкіметті уақытша Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды

Өзбекстанды уақытша премьер-министр басқаратын болды

Ақтөбеде 14 жасында тұрмыс құрған келіншек Сирияға кете алмай қалғанына қуанып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1245889-9-qyrkuyekke-zhuldyz-zhoramal.html