RU

Сақалды әйел Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бетінде 15 см түгі бар модель Британиядағы ең жас сақалды әйел атанды. Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабын құрушылар хабарлады, деп жазады ВВС-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Беркшир графтығындағы Слау қаласының тұрғыны 24 жастағы Гарнам Каур Рекордтар кітабына енуінің үлкен мәртебе екенін айтты.

Каур өз сақалы арқылы жылдар бойы келбетін күлкі еткен ауыр кездерден рухани айыққысы келеді. Гарнам Каурда поликистозды аналық синдромы - гормонды бұзылудан бет терісінде шамадан тыс түк шыққан.

2016 жылдың наурыз айында Гарнам Каур Лондондағы сән апталығында подиумға шыққан тұңғыш сақалды әйел болды.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Мәсімовті ҰҚК-нің төрағасы етіп тағайындады

ҰҚК бұрынғы басшысы Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Үкіметті уақытша Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды

Өзбекстанды уақытша премьер-министр басқаратын болды

Ақтөбеде 14 жасында тұрмыс құрған келіншек Сирияға кете алмай қалғанына қуанып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1246042-saqaldy-ayel-ginnestinh-rekordtar-kit.html