RU

Өскеменде 81 жастағы қария із-түссіз жоғалып кетті (фото)

Өскеменде 6 қыркүйек күні таңертең облыс орталығында зейнеткер ер адам жоғалып кетті. Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

1935 жылы туған Саветбек Сматов Меновное кентіндегі Школьный көшесінде орналасқан өзінің үйінен екі күн бұрын шығып кетіп, әлі оралмаған.

Оқиға зейнеткердің ұлы қалаға дәрі-дәрмектер алуға шығып кеткенде орын алған.

"Алдыңғы күні дәріханаға барып келдім, сағат 8-ден 9-ға дейін үйде болмадым. Келгенімде әкем үйде болған жоқ. Көршілерден сұрастырдым, ешкім, ештеңе көрмеген", - деп баяндады жоғалған қарттың ұлы.

Саветбек Сматовтың туыстары полицияға жүгінген. Қазір тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Жоғалған қарттың жақындары қандай да бір ақпаратқа ие адамдарды полицияға немесе келесі нөмірлерге хабарласуды өтінеді: +7-747-683-02-45, +7-775-198-48-15.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Мәсімовті ҰҚК-нің төрағасы етіп тағайындады

ҰҚК бұрынғы басшысы Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Үкіметті уақытша Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды

Өзбекстанды уақытша премьер-министр басқаратын болды

Ақтөбеде 14 жасында тұрмыс құрған келіншек Сирияға кете алмай қалғанына қуанып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1246051-oskemende-81-zhastaghy-qariya-iz-tussiz-zhogh.html