RU

Депутат көшедегі жол сақшыларының барлығын алып тастауды ұсынды

Енді елімізде күндіз көлік шамын жақпауға рұқсат берілуі мүмкін. Депутаттар жолдағы есерлікті тыюы тиіс жаңа Жол ережесін өзгертуді ұсынды. Бірін-бірі қайталайтын баптарды халық қалаулылары қайта қарау керек деп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Күндіз шам жағып жүру, рөлде ұялы телефонмен сөйлеспеу секілді даулы жол ережелері талай түсінбеушілік тудырып келеді. Мыңдаған жүргізушіні тиыннан тарықтырған ережелерден депутаттар да зардап шегіп жатқан сыңайлы. Олар кейбір айыппұлды жеңілдетіп, даулы ережелерді алып тастауды ұсынды.

"Айыппұл мөлшері жылда өсіп барады. Жұрттың жалақысы соған ілесіп үлгермеуеде. Сондықтан қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін және көлік нөмері кір болса салынатын айыппұлды жеңілдету керек. Күндіз шамды жағып жүру нормасын мүлдем алып тастаған жөн. Бұның жолдағы полицейлердің қалтасын қампайтқаннан басқа пайдасы жоқ", – дейді мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

Мәжілісменнің пікірі Ішкі істер министрінің орынбасарына ұнаған жоқ. Тінікеевтің ұсынысына қарсы шыққан Рашид Жақыповқа, жол ережесі ақша жинау үшін емес, ең әуелі қауіпсіздік үшін жазылғанын ескертті.

"Әркім өз ойын айтуға құқылы. Бірақ, бізді жүргізушілерден ақша жинайды, жол сақшыларының барлығы парақор деп айтуға болмайды", – дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов.

Осылай деген Жақыпов, бұл ұсыныстарға қарсы шығуының себептерін де түсіндірді. Яғни, шамды жағып жүру қауіпсіздік үшін қажет. Ал көрінбейтін нөмір үшін де жазаны жеңілдетуге болмайтынын айтты. Өйткені, әдейі солай істеп, камераға түсуден қашатын жүргізушілер көп екен. Осы кезде Тінікеев тағы бір ұсыныс айтты.

"Олай болса, көшеден жол сақшыларының барлығын алып тастайық. Тек, фото-видео камералар қалсын. Өйткені олармен келісіп пара бере алмайсын. Оның үстіне қазір полицейлердің барлығы көшеге нан табуға шығады. Қылмыскерді ұстап жүрген біреуін көрмейсің", – мәжіліс депутаты Тінікеев.

Қалған ұсыныстарға қатысты шешім алдағы отырыстарда қабылданатын болады. Яғни, енді шамды жағып жүру ережесі алынып, өзге даулы нормаларға қатысты айыппұл мөлшері азаюы мүмкін. Бірақ, оған дейін жол ережесіне қатысты өзгертулерді қос палата депутаттары қолдап, елбасы бекітуі тиіс.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Мәсімовті ҰҚК-нің төрағасы етіп тағайындады

ҰҚК бұрынғы басшысы Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Үкіметті уақытша Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды

Өзбекстанды уақытша премьер-министр басқаратын болды

Ақтөбеде 14 жасында тұрмыс құрған келіншек Сирияға кете алмай қалғанына қуанып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1246153-deputat-koshedegi-zhol-saqshylarynynh-ba.html