RU

Баян Есентаева эксклюзивті сұхбатының жалғасында жаңа құпияларымен бөліспек

Баян Есентаеваның берген эксклюзивті сұхбатының жалғасы шығады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы "Казахстанская правда" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Журналист Динара Сәтжанға берген экслюзивті сұхбатының екінші және үшінші бөлімдерінде продюсер болған оқиға балаларына қалай әсер еткенін және болашақтағы жоспарлары туралы айтып берді. Бұл туралы тележүргізуші және Баян Есентаеваның жақын құрбысы Динара Сәтжан айтты.

Тележүргізушінің айтуынша, бұл сұхбатты Есентаева көпшілік арасында жалған ақпараттың таралмауы үшін берген.

"Біз 23 минутқа созылатын сұхбат жасауға шештік. Себебі, көпшіліктің көкейінде сан түрлі сұрақтар жүр, олар Баянның түрін көргісі келді. Таралып кеткен жалған ақпараттар, ойдан шығарылған деректер де көп болды. Сұхбаттың бірінші бөлімінде біз ақпараттарды Баянның өз аузынан нақтылау қажет деп шештік. Жуырда сот болады, сондықтан халық дәл сол күні нақты не болғанын білуі қажет", – деді Динара Сәтжан.

Ашық әңгіменің екінші және үшінші бөлімдерін көрермендер шамамен екі аптадан соң көре алатынын атап айту керек.

"Баянмен болған сұхбаттың екінші және үшінші бөлімдерінде ол өз ойы туралы, балалары бұл туралы не ойлайтынын және ол болашақта немен айналысатынын айтты. Шамамен бір-екі аптадан соң желіде екінші бөлігі жарыққа шығады. Сот алдында жалған куәгерлер мен шындыққа жанаспайтын деректер пайда болуда. Сондықтан, сұхбаттың бірінші бөлігінде болған жайттың анық-қанағын зардап шеккен адамның өз аузынан  жеткіздік", - деп қорытындылады Сәтжан.

Еске салсақ, таяуда желіде Баян Есентаеваның соққыдан кейінгі берген алғашқы видеосұхбаты жарияланған еді. Онда продюсер 10 маусым күні орын алған жағдай туралы ашқы айтып берген.

Продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаевтың алдын ала сот тыңдалымы 14 қыркүйек күні сағат 14:00-де өтпек.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Мәсімовті ҰҚК-нің төрағасы етіп тағайындады

ҰҚК бұрынғы басшысы Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Үкіметті уақытша Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды

Өзбекстанды уақытша премьер-министр басқаратын болды

Ақтөбеде 14 жасында тұрмыс құрған келіншек Сирияға кете алмай қалғанына қуанып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1246190-bayan-esentaeva-eksklyuzivti-sukhbatyn.html