RU

Бағым Мұхитденова Баянның сұхбат беруге мәжбүр болғанын айтты

Танымал продюсер Баян Есентаеваның сіңлісі Бағым Мұхитденова әпкесінің сұхбат беруге мәжбүр болғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бағым желідегі парақшасына Баянның жеке өміріне араласқандарды сынап, жазба қалдырды. Оның айтуынша, қоғам тарапынан Баянның жеке өміріне деген қызығушылықтың артуы Баянды халық алдына шығуға мәжбүрлеген. Продюсердің жеке өміріне араласып, оған қатысты артық сөз айтқандарды сынап тастаған ол танымалдылықтың құны тым қымбатқа түскенін айтып қынжылды.

"Танымалдылық... Танымалдылықтың құны тым қымбат екен. Сені БАҚ-та, телеарналарда аямайды... Бәрі сенің жеке өміріңе қол сұғады... Неге? Қалай? Неліктен? Не үшін? Мұның бәрі жайдан жай емес, Демек, себебі бар, Сауап болды, Өзіне сол керек...

Мұның барлығы өлімге бір табан жақындау дегеннің не екенін түсінбейтін адамдардың жазғандары. Баянға тілегендеріңізді, Алла өзіңізге еселеп қайтарсын! Телеарналар өз рейтингісі үшін жанталасады. Журналистер Баянның, оның балалары мен әке-шешесінің қандай күйде екенін ойланбастан оның жеке өміріне араласады (әріптестері екенін есіне де алмайды).

Егер БАҚ Баянның жеке өмірін аңдымағанда, бұл сұхбат болмас та еді. Бұл мәжбүрлі түрде шыққан сұхбат екені айдан анық қой. Қатты таң қалып отырмын, осының бәрін көру маған қиын...", - деп жазды ол жанына батқан жайтпен бөлісіп.

Еске салсақ, кеше, 9 қыркүйек күні, Баян Есентаева Динара Сәтжанға эксклюзивті сұхбат беріп, алғаш рет 10 маусымда басынан өткен жағдай туралы ашық әңгімелеп берді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда паранджа мен никабқа тыйым салынбайтын болды

Депутат көшедегі жол сақшыларының барлығын алып тастауды ұсынды

Қазақстан тарихында алғаш рет паралимпиада ойындарының алтынын жеңіп алды

Амантай қажы жас бойжеткенді тоқалдыққа алды (фото)

Танымал киім-кешек дүкеніндегі аудармалар жұрттың жағасын ұстатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1246334-baghym-mukhitdenova-bayannynh-sukhbat-ber.html