RU

Аша мен Арман жүктілік кезеңнен естелік ретінде фототүсірілім жасады

Жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңырбаев жүктілік кезең сәттерін есте сақтап қалу үшін фототүсірілім жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Аша Матайдың аяғы ауыр екенін қалың көпшілік жақсы біледі. Бастапқыда әнші өзінің жүктілігін жасыруға тырысқанымен, көзі қырағы оқырмандар жұптың жақында сәбилі болатынын біліп алды. Кейіннен Аша да желіге суреттерін салып, өзінің жүктілігін білдіріп қойды.

Жұлдызды жұп бұл ерекше кезеңді өзге жұлдыздар секілді естелік ретінде фото беттерінде қалдыруға шешті.

Отандық эстрададағы әдемі жұптардың бірінен саналатын жұбайлардың суретін көріп желі қолданушылары олардың махаббатына қайран қалды.

Олар Ашаға жүкті болу жарасатынын айтып, сүйсінді.

Қолданушылар Ашаның ішінің пішініне қарап, сәбидің жынысын анықтауға келгенде дауласып қалды.

Бірі "ұл болады" десе, екіншісі "қыз болады" деп болжады.

Аша Матайдың фототүсірілімге киген көйлектері де қолданушылар назарынан тыс қалмады.

Қолданушылар Ашаға "аман-есен аяқ-қолын бауырына алуды" тіледі.

Тағы оқыңыздар:

Үй салу үшін әр азаматқа 10 сотық жер беретін бағдарлама әзірленбек

Ұлттық банк төрағасына Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақының доллармен берілгені ұнамай қалды

ОҚО-да аудан әкімі Жазира Жаппарқұлды терактіден көз ашпай жүрген елге демалысқа жіберді

Головкин Афина Олимпиадасының финалында жеңілетінін алдын-ала білген

Ұлттық банк халыққа жинақтарын алтынмен сақтауды ұсынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1246472-asha-men-arman-zhuktilik-kezenhnen-estel.html