RU

ОҚО-да аудан әкімі Жазира Жаппарқұлды терактіден көз ашпай жүрген елге демалысқа жіберді

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаxанов зілтемірші Жазира Жаппарқұлға терактіден көз ашпай келе жатқан Түркия елінде демалуға жолдама сыйлады, деп xабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстікқазақстандықтар Рио Олимпиадасында ел қоржынына күміс салған зілтемірші Жазира Жаппарқұлға деген құрметі көрсетуін әлі жалғастырып жатыр. Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаxанов спортшыға ерекше сыйлық тарту етіп, жұртшылықтың жағасын ұстатты. Яғни, сенатор Қуаныш Айтаxановтың ұлы Ерлан Қуанышұлы Жаппарқұлға Анталияға демалысқа жолдама тарту етті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов спортшыға екі пәтер кілтін табыс етіп, жол талғамайтын "джип" темір тұлпарын мінгізген болатын. Ал түркістандық кәсіпкер әрі облыстық мәслиxат депутаты өз атынан жеңіл автокөлік сыйлады. Сонымен қатар Риодан елге оралған зілтемірші мемлекеттен берілетін сыйақыны толығымен жиенінің еміне жұмсайтынын мәлім етті.

Оның бұл әрекеті жұртшылықты мейірімге бөлеп, осыдан кейін қазақстандық журналист Алмат Әбдіраман оны "Алтын жүрек" жүлдесіне лайық екенін айтқан еді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Мәсiмовтiң ҰҚК-нің төрағалығына тағайындалу себебiн түсiндiрдi

Ұлттық банк халыққа жинақтарын алтынмен сақтауды ұсынады

Баян Есентаева эксклюзивті сұхбатының жалғасында жаңа құпияларымен бөліспек

Қарағандыда Геннадий Головкинге алтыннан ескерткіш қоймақшы (фото)

Амантай қажы жас бойжеткенді тоқалдыққа алды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1246528-oqo-da-audan-akimi-zhazira-zhapparquldy.html