RU

Ресей туын алып шыққан Беларусь азаматын орыстар «батырға» теңеді

Сәрсенбінің сәтті күні Рио-де-Жанейрода 2016 жылғы Паралимпиада ойындары шымылдығын ашты. Салтанатты шеруде Белоруссия құрамасының 53 жастағы мүшесі Андрей Фомочкин қолына Ресей туын алып шыққан болатын.

Осы әрекетінен соң IPC оны аккредитациядан айырды, деп хабарлайды Baq.kz.

Есесіне, Беларусь азаматын Ресей жұрты батырға балап отыр. Еш себепсіз Паралимпиада ойындарына қатысу құқығынан айырылған, осылайша саяси теке-тірестің құрбаны болған Ресей спортшылары үшін бұл үлкен қолдау болды дейді Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.

«Бүгін бізде бір батыр пайда болды. Ол азамат асқан жауыздықпен, еш адамгершіліксіз, еш негізсіз Олимпиада ойындарынан шеттетілген Ресей Паралимпиада құрамасының құрметіне Ресей туын алып шығып, үлкен қолдау көрсетті. Мұндай азаматтардың барын мақтан тұтамыз. Саясаттан тыс, нағыз азаматтар. Біз бұл қадам саясаттан жоғары тұр деп санаймыз. Адамгершілікке толы қадам, әрекет және оның біздің паралимиадашыларымыз үшін, жалпы баршамыз үшін маңызы зор. Сондықтан ол азаматқа зор алғысымызды білдіреміз. Оның есімі біз үшін батырға лайық. Тағы да беларус достарымызға, нақты осы азаматқа жасаған ерлігі үшін алғысымыз шексіз», - деді Мария Захарова.

Тағы оқыңыздар:

Үй салу үшін әр азаматқа 10 сотық жер беретін бағдарлама әзірленбек

Ұлттық банк төрағасына Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақының доллармен берілгені ұнамай қалды

ОҚО-да аудан әкімі Жазира Жаппарқұлды терактіден көз ашпай жүрген елге демалысқа жіберді

Головкин Афина Олимпиадасының финалында жеңілетінін алдын-ала білген

Ұлттық банк халыққа жинақтарын алтынмен сақтауды ұсынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1246613-resey-tuyn-alyp-shyqqan-belarus-azama.html