RU

Мәсімовке дейін ҰҚК кімдердің тізгінінде болды?

Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің осымен 13-ші төрағасы болып тағайындалып отыр. BNews.kz бұған дейін осы лауазымда болғандардың тізімін жасады деп хабарлайды Baq.kz.

Мәсімовке дейін ҰҚК төрағасы қызметін атқарғандар:

Болат Әбдірахманұлы Баекенов — 1991 ж. қазаны-1993 ж.желтоқсаны

Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев — 1993 ж.желтоқсаны-1995 ж.қарашасы

Жеңісбек Мұхамедкәрімұлы Жұманбеков — 1995 ж.қарашасы-1997 ж.мамыры

Әлнұр Әлжапарұлы Мұсаев — 1997 ж. мамыры-1998 ж. қыркүйегі

Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев— 1998 ж. қыркүйегі-1999 ж.тамызы

Әлнұр Әлжапарұлы Мұсаев — 1999 ж.тамызы -2001 ж.мамыры

Марат Мұханбетқазиұлы Тәжин — 2001 ж. мамыры-желтоқсаны

Нартай Нұртайұлы Дүтбаев — 2001ж. желтоқсаны-2006ж.ақпаны

Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев — 2006ж. наурызы-2009 ж.желтоқсаны

Әділ Шаяхметұлы Шаяхметов — 2009 ж.желтоқсаны-2010 ж.тамызы

Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев –2010 ж.23 тамызынан 2015 ж.желтоқсаны

Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов – 2015 ж. 25 желтоқсанынан 2016 ж.8 қыркүйегіне дейін.

Осы тізімде екі қайтара төраға болған әрі осы қызметте ең ұзақ отырған Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев – 1998 жылдың қыркүйегі мен 1999 жылдың тамызы аралығында, сонымен қатар 2010 жылдың тамызынан 2015 жылдың желтоқсаны аралығында. Ал, керісінше ең аз тұрақтаған Марат Мұханбетқазиұлы Тәжин — 2001 жылдың мамыры мен желтоқсаны аралығында (7 ай); және Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов (8 ай).

Кәрім Мәсімовті тағайындау туралы тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланған. Кәрім Қажымқанұлы өзіне артылған зор сенім үшін елбасына алғыс білдірді.

Естеріңізге салып өтсек, Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 13 шілдеде Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша, бұл күн Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылған күні болып саналады.

Тағы оқыңыздар:

Үй салу үшін әр азаматқа 10 сотық жер беретін бағдарлама әзірленбек

Ұлттық банк төрағасына Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақының доллармен берілгені ұнамай қалды

ОҚО-да аудан әкімі Жазира Жаппарқұлды терактіден көз ашпай жүрген елге демалысқа жіберді

Головкин Афина Олимпиадасының финалында жеңілетінін алдын-ала білген

Ұлттық банк халыққа жинақтарын алтынмен сақтауды ұсынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1246652-karim-masimov-ulttyq-qauipsizdik-ko.html