RU

Ресейде танысу кешінде тыр жалаңаш болып шешінген студенттер жаға ұстатты (фото)

Кемеров университеті халықаралық қатынастар және тарих факультетінің деканы Константин Юматов жаңа оқу жылының басында жұмыстан қуылды. Бұған тыр жалаңаштанған студенттер себеп. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тарих факультетіне оқуға түскен бірінші курс студенттері студенттерді қабылдау кешінде тыр жалаңаш шешінген деген ақпарат пайда болған. БАҚ-тың мәліметінше, студенттер арасында шешіну сайысын жоғары курстар ұйымдастырыпты.

Кештің суреттері желіде пайда болған соң ол тіптен қызу талқылауға арқау болды. 6 қыркүйек күні декан Юматовпен бірге оның орынбасарлары Алексей Адаменко мен Роман Селезневтің отставкаға өтініш бергені белгілі болды.

Университеттің ресми өкілінің айтуынша қызметтік тексеріс 9-шы қыркүйекке дейін жалғасады.

Тағы оқыңыздар:

Үй салу үшін әр азаматқа 10 сотық жер беретін бағдарлама әзірленбек

Ұлттық банк төрағасына Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақының доллармен берілгені ұнамай қалды

ОҚО-да аудан әкімі Жазира Жаппарқұлды терактіден көз ашпай жүрген елге демалысқа жіберді

Головкин Афина Олимпиадасының финалында жеңілетінін алдын-ала білген

Ұлттық банк халыққа жинақтарын алтынмен сақтауды ұсынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1246919-reseyde-tanysu-keshinde-tyr-zhalanhash-bo.html