RU

Сағынтаевты Қазақстан премьер-министрі етіп тағайындады

Бақытжан Сағынтаевты Қазақстанның премьер-министрі етіп тағайындады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 8 қыркүйек күні Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниге келген. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, Қазақстан премьер-министрі Кеңсесінің басшысы, Павлодар облысының әкімі, Экономикалық даму және сауда министрі, «Нұр-Отан» ХДП  Төрағасының бірінші орынбасары,  Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары, Өңірлік даму министрі қызметтерін атқарған.

2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.

Тағы оқыңыздар:

Үй салу үшін әр азаматқа 10 сотық жер беретін бағдарлама әзірленбек

Ұлттық банк төрағасына Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақының доллармен берілгені ұнамай қалды

ОҚО-да аудан әкімі Жазира Жаппарқұлды терактіден көз ашпай жүрген елге демалысқа жіберді

Головкин Афина Олимпиадасының финалында жеңілетінін алдын-ала білген

Ұлттық банк халыққа жинақтарын алтынмен сақтауды ұсынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1246952-saghyntaevty-qazaqstan-premer-minis.html