RU

АҚШ ғалымы құрттың жаңа түріне Барак Обаманың есімін қойды

Сент-Мэри колледжінде жұмыс істейтін америкалық биолог Томас Платт ұсақ жалпақ паразит құрттың жаңа түріне АҚШ президентінің есімін берді деп хабарлайды 24.kz.

Ол жаңа құрт түрін Baracktrema obamai деп атаған. Associated Press-тің хабарлауынша, Платт 30-дан астам құрт түрін ашқан. Олардың бәрін қайын атасының, ғылыми кеңесші және басқа да өзі құрмет тұтатын адамдардың атымен атаған.

«Мен үшін бұл президентімізге деген кішігірім құрмет», - дейді ғалымның өзі.

Baracktrema obamai құрттары тасбақаның қанында өмір сүреді және адам үшін қауіпті індет таратуы мүмкін. Айта кетейік, бұған дейін өрмекші, балық және жер бетінен жоғалып кеткен кесірткеге Барак Обаманың есімі берілген болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Президент Тәуелсіздік күніне арналған шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

Әлемдегі ең қымбат көйлек аукционда сатылмақ (фото, видео)

Сағынтаевты Қазақстан премьер-министрі етіп тағайындады

Мамин Қазақстанның бірінші вице-премьері болып тағайындалды

Мәсімовке дейін ҰҚК кімдердің тізгінінде болды? (фото)

Шымкенттік әйел күйеуінің өліміне полицейлерді кінәлап отыр

Көкшетауда белгісіз жабысқақ жәндіктер қаптап кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1247241-aqsh-ghalymy-zhanha-parazit-qurtyna-barak.html