RU

Ақмола облысындағы 39 баланың әкесі: Біздің отбасы - кішігірім ассамблея

Ақмола облысында қырыққа жуық баласы бар отбасы тұрады. Бұланды ауданының тұрғыны Серік Әкімжанов "біздің отбасы - кішігірім  ассамблея" дейді. Себебі, жолдасы екеуі  9 ұлттан құралған 39 баланың қамқоршы ата-анасы атанып отыр деп хабарлайды 31 арна.

Серік пен Жаңылғанның жанұясында бүгінде отыз тоғыз бала бар. Бауырларына басқаны отыз төрт, бесеуі туған перзенттері. Асырап алғандар тоғыз түрлі ұлттың өкілдері.

"Өзім кішігірім ассамблея деп, соны кішкене мақтан етемін. Асырап алған бала, туған бала не тумаған бала деп есептемейміз. Өйткені балалардың кінәсі жоқ. Балаларды біз сырттан да, даладан да, жертөледен де, балалар үйінен де алып отырдық. Біз таңдамадық", - дейді Бұланды ауданының тұрғыны Серік Әкімжанов.

Серік пен Жаңылған бала жастан жетімдіктің дәмін татқан. Осы жағдай мұншалықты көп баланы асырап алуға себеп болған екен. Отағасы 1-топтағы зағип жан әрі құлағының да мүкістігі бар. Соған қарамастан әйелі екеуі түрлі ұлттың балаларына бар білгендерін үйретуде. Балалары да отбасы бақытын сезенініп, ата-аналарына барынша қолқабыс көрсетіп жүр.

"Отбасымда жақсы сезінемін. Тек қана бірлік, татулық. Ешкім ұрмайды, соқпайды", - дейді 9-шы сынып оқушысы Қайрат Әкімжанов.

Қайрат секілді үйдегі өзге ұлттың балалары аты-жөндерін қазақшаға өзгерткен және өздерін қазақпыз деп мақтанады. Қазақ өнерінен де құр алақан емес. Мәселен, ұлты поляк  Ғабиттің  қазақша күрестен жетістіктері көп. Одан өзге қазақша ән салғанды ұнатады. Ал ұлты украин болса да, жаны қазақ Жансая әдебиетке жақын.

34 баланың тең жартысын ата-аналары құтты орындарына қондырған. Отағасы мен ошақ анасы солардан 18 немере сүйіп отырмыз деп шат-шадыман күйде.

Тағы да оқыңыздар:

Еуровидение-2017 байқауы өтетін қала анықталды

Президент Тәуелсіздік күніне арналған шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

ШҚО-да мас әке кішкентай ұлын аяусыз сабап өлтірді

Әлемдегі ең қымбат көйлек аукционда сатылмақ (фото, видео)

Сағынтаевты Қазақстан премьер-министрі етіп тағайындады

Мамин Қазақстанның бірінші вице-премьері болып тағайындалды

Мәсімовке дейін ҰҚК кімдердің тізгінінде болды? (фото)

Шымкенттік әйел күйеуінің өліміне полицейлерді кінәлап отыр

Көкшетауда белгісіз жабысқақ жәндіктер қаптап кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1247268-aqmola-oblysynda-erli-zayypty-qyryqq.html