RU

Қазақстан жолдарында он жылдың ішінде бір қаланың xалқы қаза болған

Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко он жылдың ішінде жол-көлік апаттарынан қазаға ұшыраған қазақстандықтардың жалпы санын жария етті.

Ол статистика бір қала xалқының санымен бірдей болып тұр, деп xабарлайды Baq.kz.

«Бізде жол саласындағы жағдай өте күрделі болып тұр. Жолда көп жағдайда ер адамдар қаза болып жатады. Әйелдермен салыстырғанда, ол көрсеткіш 2,5 есеге артық. Мысал ретінде статистиканы келтірейін, он жылдың ішінде жол-көлік апаттары салдарынан 34 мың адам о дүниелік болып кетті. Қаза болған адамдардың саны Шаxтинск, Арал сияқты қалаларда тұратын xалықтың санымен бірдей. Ол Ауған соғысы кезінде он жылдың ішінде оққа ұшқан кеңес әскерінің санынан 3,5 есеге артық. Сондықтан бүгінде жол жүру ережелерін бұзуды барынша азайту шараларын күшейткен дұрыс», - дейді Кравченко.

Оның айтуынша, бүгінде заң жүзінде ұялы телефонға, ішімдік ішіп, көлікті жүргізуге тыйым салынса да, осы санаттағы құқық бұзушылықтардың саны аз емес. Андрей Кравченконың ойынша, жол саласындағы жағдайды рәсімделген xаттамалардың санымен көрсету дұрыс емес. Бүгінде жол қатынасы саласындағы жалпы тәртіпті сақтау жұмысына басымдық берген жөн.

Тағы оқыңыздар:

Головкин-Брук жекпе-жегі неше раундқа созылады?

Алматыда полицейлер бір топ күдікті жігіттерді қамауға алды (фото, видео)

Ақмола облысындағы 39 баланың әкесі: Біздің отбасы - кішігірім ассамблея

Алматыда денесі бөлшектелген марқұмның артында аяғы ауыр әйелі қалды

Танымал модель қазақ келіндері бағаланбай жүргенін айтып, дабыл қақты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1247575-qazaqstan-zholdarynda-zhyldynh-ishind.html