RU

Ақтөбелік ана дін жолына түскен ұлымен бірге тұрудан бас тартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде дін жолына түскен ұлымен бір аулада тұрғысы келмеген әйел сотқа жүгінген деп хабарлайды Kerek-info.kz.

Ол ұлын, келіні мен немересін көрші тұрған үйден шығарып жіберуін талап еткен. Бұл жөнінде қалалық соттың судьясы Самал Ордабаева айтты.

Самал Ордабаеваның айтуынша, ауласында екі үй тұрған жер әйелге тиесілі. Бір үйде анасы мен әкесі, ал екіншісінде ұлы өз отбасымен тұрады. Ал жер иесінің басқа бес баласы басқа жерде тұрады. Бірнеше жыл бұрын әйелдің ұлы ислам дінін қабылдап, мұсылман киімін кие бастайды. Ұлының дінге деген қызығушылығын қабылдай алмаған анасы оны, тіпті қасынан да көргісі келмеген.

Әйел үйін сатып, түскен қаржының бір бөлігін алты баласына бөліп бермек болыпты. Ал қалғанына мал сатып алып, Шалқар ауданында шаруашылықпен айналысқысы келген. Алайда үйді қарауға келген сатып алушылар сонда тұрып жатқан ұлының жанұясы үшін оны сатып алудан бас тартқан.

"Сотта жауапкер ретінде қатысқан шағымданушының ұлы өзін жақсы ұстады. Егер анасы қаласа, үйден шығатындығын айтты",- дейді Самал Ордабаева.

Қос тарап бейбіт келісімге келген. Анасы үйді сатқаннан кейін ұлына 1 млн теңге беруді міндетіне алған, ал ол 5 қыркүйекке дейін үйден шығуға келісіпті. Ұлы үй жанына жазғы асүй салу үшін несие алған. Сол себепті анасы оған 1 млн теңге беруге келіскен. Ал қалған балаларына анасы үй сатылғаннан кейін одан аз ақша беруді жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан жолдарында он жылдың ішінде бір қаланың xалқы қаза болған

Геннадий Головкин Келл Брукті техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы: Ол маған қолайсыздық тудыра алмады

Алматыда полицейлер бір топ күдікті жігіттерді қамауға алды (фото, видео)

Ақмола облысындағы 39 баланың әкесі: Біздің отбасы - кішігірім ассамблея

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбелік ана дін жолына түскен ұлымен бірге тұрудан бас тартты
Mailfire view pixel