RU

Британдық боксшы Головкинді "жалықтырғыш егеуқұйрық" және Борат деп атады

WBO нұсқасы бойынша қазіргі чемпион британдық Билли Джо Сондерс орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF санаты бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің намысына тиетін сөздер айтты.

Британдық Келл Брукты жеңген қазақстандық боксшы ендігі кезекте Билли Джо Сондерспен қолғап түйістіргісі келетінін жеткізген еді.

Бұл мәлімдемеге Сондерс өзінің Twitter-дегі парақшасында жауап қайтарып, ол Головкинді "boreRat" деп атады.

Ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «borerat» - «жалықтырғыш егеуқұйрық» деген мағынаны білдіреді және дауыстап айтқанда "Борат" фильміндегі кейіпкерді еске түсіреді.

«GGG, сен дайын болғанда, мен де әзір тұрамын, тек жартылай орта салмақта емес. Естідің бе, boreRat!» - деп жазды Сондерс өзінің парақшасында.

Еске сала кетсек, 11 қыркүйекке қараған түні WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы британдық Келл Брукті (36-0, 25 КО) ойсырата жеңіп, жанкүйерлерін шаттықа бөледі.

Қазақстандық боксшы 36-шы жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады. Ал осы жекпе-жектен кейін британдық боксшы Келл Брук ауруханаға жатқызылды.

Тағы оқыңыздар: 

Геннадий Головкин Келл Брукті техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Ақтөбелік ана дін жолына түскен ұлымен бірге тұрудан бас тартты

Алматыда жоғалып кеткен банк қызметкері өлі күйінде табылды

Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы: Ол маған қолайсыздық тудыра алмады

Алаш арыстары қазақ шекарасын қалай бекітті?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1247888-britandyq-boksshy-golovkindi-zhalyqty.html