RU

Жастығына қарамастан бірнеше баланың анасы атанған қазақстандық арулар

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-шы орында болғанымен, халық санының көптігімен әзірге мақтана алмайды. Бұл орайда демографияға үлесін қосып жүрген ата-аналардың еңбегі зор.

 Stan.kz жас әрі сұлу аналарды түгендеп көрді.

Дүниеге бірнеше сәби әкеліп, сыртқы келбетіне қарамай кететін келіншектер жетерлік. Сондай-ақ, керісінше «әдемі болмай қаламын» немесе «дене бітімім өзгеріп кетеді» деген қорқыныштан 1-2 сәбиден әрі аспайтын аналар да бар. Алайда біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз екеуіне де жатпайды. Бәлкім бірнеше баланың анасы атанып, өздерін күтуді де ұмытпаған аналарды көргенде өзге қыз-келіншектер ойланатын шығар деген ойдамыз.

Айдана Ералханова тамыз айы бойынша Қазақстандағы ең әдемі ана атанды. Айдананы оқырмандар Missis.kz сайтында онлайн дауыс беру арқылы таңдаған.

25 жастағы тараздық келіншектің 3 перзенті бар. Екі ұл, бір қыздың анасы бос уақытында балық аулап, тігін тігеді. Сондай-ақ, бокспен айналысатын Айдана нағыз аспаз. Оның қолынан шыққан ұлттық тағамдардың дәмі тіл үйіреді.

Үлгілі жар, аяулы ана Айдана Майкл Джексонның жанкүйері екен. Енді ол Missis.kz 2016 байқауының финалында өзге қатысушылармен бақ сынасады.

Келесі кейіпкеріміз нағыз оңтүстіктің келіні, шымкенттік – Жадыра Убайдуллақызы. 28 жастағы әйелдің төрт бірдей ұлы бар.

Үйдің тұңғышы Нұркелді мектеп оқушысы. Нұркелдіден кейін Ахметжан, Рауан, Әлинұр есімді батырларды дүниеге әкелген ана тұрмыс құрмай тұрғанда халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеген.

Жадыра бос уақытында балаларымен бірге жүзу бассейніне барғанды ұнатады. Жас бүлдіршіндер де спортқа құмар көрінеді.

«Біреуі жүзуден, екіншісі дзюдодан, үшіншісі бокстан әлем чемпионы болса, ал біреуі ғылым мен білім жағынан танылса деп үміттенемін», – дейді Жадыра.

Жас болса да үш бірдей ұлы бар аяулы аналардың бірі – тараздық Гаухар Асқарбекова. Үш баланың анасы киелі Жамбыл жерінде тұрады. Бекзат есімді жігітпен тұрмыс құрған келіншек «заңгер» мамандығы бойынша білім алып, Тараз қалалық сотында қызмет атқарған.

Дамир, Жандос және Әлихан есімді үш батырды дүниеге әкелген Гаухар көпбалалы ана болуды армандайды.

Үйдің тұңғышы Дамир – 3 сынып оқушысы. Небәрі 8 жаста болса да, Дамир ағылшын тілін еркін меңгергісі келеді. Таэквондомен де айналысады. Облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрген жайы бар.

«Балаларымның болашағы үшін аянып қалмаймын», – дейтін тараздық ару жуырда киім сататын дүкенін ашқан. Заңгер, кәсіпкер, аяулы ана, адал жар, бес саусағынан өнері тамған шебер аспаз Гаухардың бойынан нағыз қазақ келініне тән қасиеттерді табуға болады.

"Елімізде алтынқұрсақты аналар көп. Олардың бәрін бір материалға сыйғызу мүмкін емес! Ал біздің бар ойымыз – жастай бірнеше баланың анасы атанған аруларымызды өзгелерге үлгі ету!", - деп жазады басылым.

Тағы оқыңыздар: 

Геннадий Головкин Келл Брукті техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Ақтөбелік ана дін жолына түскен ұлымен бірге тұрудан бас тартты

Алматыда жоғалып кеткен банк қызметкері өлі күйінде табылды

Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы: Ол маған қолайсыздық тудыра алмады

Алаш арыстары қазақ шекарасын қалай бекітті?

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жастығына қарамастан бірнеше баланың анасы атанған қазақстандық арулар
Mailfire view pixel