RU

Әсет Исекешев астаналықтарды мергендігімен таңғалдырды

Әсет Исекешев садақ тартып, нысананы дәл көздеді деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Видео Қайсар Жұмабайұлының Instagram парақшасынан алынды

Астана әкімі Әсет Исекешев ұлттық спорт түрлерінен алғаш рет өткен «Астана жұлдызы» республикалық турнирінде «Қазанат» атшабарының маңына қонған қазақ ауылын аралады.

Этноауылда 13 киіз үй тігіліп, жиналған қауым ұлттық тағамнан дәм татты.

Көпшілік алтыбақан теуіп, асық атып, ләңгі ойнап, сауық құрды. Мергендігін сынап көрген елорда басшысы Әсет Исекешев садақпен нысананы көздеп, дәл тигізді.

Астана әкімі қарапайым халыққа атқа мінуді үйренуге, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ ойнауға және ұлттық спорт түрлерімен машықтануға жағдай жасалатынын, алдағы екі жылда бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала бойынша 22 спорт алаңы салынатынын айтты.

Тағы оқыңыздар: 

Геннадий Головкин Келл Брукті техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Ақтөбелік ана дін жолына түскен ұлымен бірге тұрудан бас тартты

Алматыда жоғалып кеткен банк қызметкері өлі күйінде табылды

Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы: Ол маған қолайсыздық тудыра алмады

Алаш арыстары қазақ шекарасын қалай бекітті?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1247949-aset-isekeshev-astanalyqtardy-mergen.html