RU

Күкірт қышқылынан беті күйіп қалған модель Нью-Йорктегі сән апталығына шықты (фото)

Беті күкірт қышқылына күйіп қалған үндістандық модель Нью-Йоркте өткен FTL Moda сән апталығын ашып берді.

Бұл туралы шетелдік басылымға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

19 жастағы Решма Кереши өзінің отандасы дизайнер Арчана Кочхар жасаған киімдерді таныстырды.

"Бұл арманға қол жеткізе алмайтын шығармын деп ойлайтынмын. Мен секілді қыздар көп және осы арқылы мен сол қыздарды қуантқым келеді", – деді ол.

Ол осындай жағдайға екі жыл бұрын душар болған. Негізгі шабуыл оның әпкесі Керешиге жасалып, ол соның кесірінен қайтыс болған. Әпкесін қорғамақ болған кезде бетіне шашылған қышқылдан зардап шеккен.

Қазіргі таңда үнді қызы Make Love Not Scars құқық қорғау ұйымымен серіктес болып қызмет етуде. Бұған дейін FTL Moda сән көрсетілімінде мүгедектер арбасында отырған және жасанды аяқтағы қыздар шыққан еді.

Тағы оқыңыздар: 

Геннадий Головкин Келл Брукті техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Ақтөбелік ана дін жолына түскен ұлымен бірге тұрудан бас тартты

Алматыда жоғалып кеткен банк қызметкері өлі күйінде табылды

Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы: Ол маған қолайсыздық тудыра алмады

Алаш арыстары қазақ шекарасын қалай бекітті?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1247965-kukirt-qyshqylynan-beti-kuyip-qalghan-m.html