RU

Ауруханаға түскен Брук енді көзіне ота жасататын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Британиялық боксшы Келл Брук қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілген соң, ауруханаға түскені хабарланған еді. Енді боксшының келесі аптада көзіне ота жасататыны белгілі болды.

Бұл туралы Sky Sports сайтына сілтеме жасап, BAQ.kz хабарлайды.

Британиялық журналистер Бруктің жекпе-жектен кейін ауруханаға барып, көзін тексерткенін жазады. Сондықтан кездесуден соң, өтетін дәстүрлі баспасөз конференицясына Брук қатыса алмады.

Боксшы кейіннен өзінің твиттердегі парақшасында: «Мен ауруханадан шықтым, енді келесі аптада көзіме ота жасатамын. Бүгін түнде жеңіске жете алмасам да, рингке қайтып ораламын», – деп жазды.

Айта кетейік, бесінші раундта Бруктің бапкері Доминик Ингл шаршы алаңға ақ орамал лақтырып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын.

Жерлесіміз осы жеңісі үшін 3 миллион фунт стерлинг (4 миллион доллар) гонорар алды. Сол секілді Брукте дәл осындай табысқа кенеледі. Бұл рекордтық сома. Бұған дейін Головкин ең көп табысын Доминик Уэйд пен Давид Лемьеге қарсы өткізген жекпе-жектерінде алған. Ол кезде гонорар көлемі – 2 миллион доллар болған еді.

Геннадий Головкинде қазіргі кезде WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымы бойынша белбеулер бар.

Тағы оқыңыздар:

Геннадий Головкин Келл Брукті техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Британдық боксшы Головкинді "жалықтырғыш егеуқұйрық" және Борат деп атады

Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы: Ол маған қолайсыздық тудыра алмады

Головкиннің соққыларын көтере алмаған Брук ауруханаға түсті

Головкин-Брук жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ауруханаға түскен Брук енді көзіне ота жасататын болды
Mailfire view pixel