RU

Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!

Жасампаздықтың, ізгілік пен мейірбандықтың нышаны болған осынау жарқын мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді.  Ол қазақстандықтардың жүрегіне жақындарына деген сүйіспеншілік ұялатады, адамгершілік құндылықтарды нығайта отырып, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға жетелейді және рухани дәстүрлерге баулиды.

Қазақстан табысты дамыған 25 жылда Құрбан айт шын мәнінде Ел бірлігі мен қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайта түсуге бірегей ықпал еткен айтулы мейрамға айналды. Осынау қасиетті мереке күндері әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілеймін! Шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толсын!", - дейді президент.

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекелерінің бірі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, үш күнге созылады. Айт күндері Аллаға арнап құрбандық шалады, мал сояды. Бұл - мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

Тағы оқыңыздар:

Геннадий Головкин Келл Брукті техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Британдық боксшы Головкинді "жалықтырғыш егеуқұйрық" және Борат деп атады

Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы: Ол маған қолайсыздық тудыра алмады

Головкиннің соққыларын көтере алмаған Брук ауруханаға түсті

Головкин-Брук жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1248105-nazarbaev-qazaqstandyqtardy-qurban.html