RU

Құтқарылған ит үстінен 16 келі жүн тастады (фото)

Лазарус атты итке бұрынғы қожайындары мүлдем күтім жасамаған. Алты жыл бойы байлаулы тұрған жануарды құтқарған тұрғындар оның жүнін көргенде шалқасынан түсе жаздаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы moya-planeta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жүні алты жыл ішінде қалың болып өскен иттің фотосын Facebook парақшасында Аманда Брук Чарша-Линдси есімді қолданушы жария еткен. Әйел Big Fluffy Dog Rescue атты жануарларды құтқару қызметінде жұмыс істейді.

Лазарусты алыстан көргендер жүні қырқылмаған қоймен шатастыра алады. Оны құтқарған қызметшілер үстінен 16 келі жүнді қырқып алған. Содан кейін мүлдем өзгеріп сала берген иттің үстіне бірден костюм кигізген. Бұл жануардың өзін жалаңаш сезінбеуі үшін уақытша қажет шара дейді олар.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан жолдарында он жылдың ішінде бір қаланың xалқы қаза болған

Геннадий Головкин Келл Брукті техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы: Ол маған қолайсыздық тудыра алмады

Алматыда полицейлер бір топ күдікті жігіттерді қамауға алды (фото, видео)

Ақмола облысындағы 39 баланың әкесі: Біздің отбасы - кішігірім ассамблея

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1248125-qutqarylghan-ustinen-16-keli-zhun-tasta.html