RU

Құрбан айт күні Қостанайда тұрғындар алты жыл бойы күткен ірі мешіт ашылды (фото)

12 қыркүйекте Жаратушымыздың атына құрбан шалынатын мейрам ретінде құрметтелетін ең басты мұсылман мерекесі Құрбан айттың бірінші күні Қостанай қаласында жаңа мешіт ашылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл - облыстағы ең зәулім мешіт. 2014 жылы Мұсылмандардың діни басқармасы мешітке белгілі уағыздаушы болған және ислам құндылықтарының Қостанай және Торғай жерлерінде таратылуына баға жетпес үлес қосқан Аймағанбет кажы Спанұлының атын беруге шешім қабылдаған болатын.

Мешіттің ашылуына мыңдаған қостанайлықтар жиналды, мерекелік іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, облыс басшылығы мен облыстың құрметті тұрғындары, құрылысқа қайырмалдық жасаған кәсіпкерлер келді.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтау сөзінде соңғы жылдары қазақ халқы үшін ата-бабамыз ұстанған исламның ханафи мазхаб бағытының хақ жолына бет бұрушылардың көбейіп келе жатқандығын атап өтті.

«Қазіргі уақытта мешіттер тек діни ғана емес, сондай-ақ рухани орталық болып отыр. Халқымыздың рухани құндылықтарын жаңғырту және сақтау - біздің еліміздің тәуелсіздігінің қол жеткізген бірден-бір жетістігі. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарындағы, діни сенімдеріндегі айырмашылықтарға қарамастан қазақстандықтар бір ортақ мақсат пен біздің еліміздің серпінді дамуына, туған жерімізде бейбітшілік пен ырыс-берекенің сақталуына ұмтылыс жолына біріктірілген», - деп атап өтті өңір басшысы.

Діни ғимарат құрылысы 2010 жылы басталды және оның салынып, тұрғызылу қарқыны құрбандық қаражатының жиналуына тікелей байланысты болды. Мешіт құрылысы қаражаттың жетіспегендігі себепті тоқтатылып тұрған болатын, тек 2016 жылы ғана жұмысы қайта жандандырылды.

Биылғы жылғы мамырдан бастап қыркүйек аралығында іс жүзінде құрылыс жұмыстарының түгелдей дерлігі атқарылды. Ғимарат үш қабаттан тұрады, бірінші қабатында 1450 адамға арналған ерлердің ғибадат жасайтын залы, неке қию залы бар. Екінші қабатында әйелдердің ғибадат жасайтын залы орналасқан. Күмбездік қабатында қосалқы орын-жайлар бар.

Жаңа мешіт әсемдігімен, өнерпаздықпен кестеленген михрабымен және бас күмбезімен, салтанатты түрде ойып жасалған есіктерімен, жұмсақ кілемдерімен таң қалдырады. Ғимараттың жалпы алаңы шамамен 4 мың шаршы метрдей. Мұнарасының биіктігі – 40 метрді, бас күмбезінің биіктігі – 25 метрді және оның диаметрі 12 метрді құрайды.

Абаттандыру шеңберінде келушілердің демалуларына арналған саябақ құрылысы орындалған және жаңа мешіт ғимаратының аумағына көркемдік-сәндік жұмыстары жүргізілген.

Тағы да оқыңыздар:

Астанада Құрбан айттың мерекелік намазына 45 мың мұсылман жиналды (фото)

Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев мерекеге орай Астанадағы «Әзiрет Сұлтан» мешiтiне келді

Головкиннің келесі жекпе-жегі шамамен қай уақытта өтетіні белгілі болды

Қазақстан құрамасы Риодағы Паралимпиададан екінші медальді қоржынына салды

Жас қызды ұнатпаған Амантай қажы тағы да тоқал іздеп жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1248322-qurban-ayt-kuni-qostanayda-turghyndar.html