RU

БҚО-да алғаш рет әйел адам қала әкімі болып сайланды

12 қыркүйек күні Ақсайда Айымгүл Тіржанова қала әкімі болып сайланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайлауға Бөрлі аудандық мәслихатының 13 депутатының 12-сі қатысып, олар түгелдей Тіржанованы қолдап, дауыс берді.

Айымгүл Тіржанова 1975 жылы 2 тамызда қазіргі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін тарих пәнінің мұғалімі, 2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Ақсай қаласындағы №4 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, Бөрлі ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2005 жылдың қыркүйегінен бері осы кезге дейін Бөрлі аудандық білім беру бөлімін басқарды.

Тағы да оқыңыздар:

Өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы ақыры Үндістанға қайтып оралды (фото)

Астанада Құрбан айттың мерекелік намазына 45 мың мұсылман жиналды (фото)

Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев мерекеге орай Астанадағы «Әзiрет Сұлтан» мешiтiне келді

Головкиннің келесі жекпе-жегі шамамен қай уақытта өтетіні белгілі болды

Қазақстан құрамасы Риодағы Паралимпиададан екінші медальді қоржынына салды

Жас қызды ұнатпаған Амантай қажы тағы да тоқал іздеп жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1248419-bqo-da-alghash-ret-ayel-adam-qala-akimi-bo.html