Выйти
RU

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Берлинге ресми сапармен келген Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов федералды канцлер Ангела Меркелмен кездесіп біріккен баспасөз мәслихатын өткізген.

Бұл туралы "Альтернативные новости Туркменистана" порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Осы баспасөз мәслихаты кезінде қызық оқиға орын алды: ешқандай түсініктеме берместен Бердімұхамедовтің көмекшісі стақандағы суды алмастырған. Оқиға 29 тамыз күні болған екен.

Шараның ұйымдастырушылары әр мемлекет басшысы үшін жеке трибуна мен жеке стақан су қойған еді. Алайда баспасөз мәслихаты басталар алдында Бердімұхамедовтің қасына көмекшісі келіп, су құйылған жаңа стақан әкеліп, ескісін алып кетеді.

"Болған жағдай күтпеген жерден орын алды және себебі еш түсіндірілмеді, бұған тіпті Меркелдің өзі таңқалды. Қатысушылар бірнеше сәтке дейін ауыздарын ашып тұрып қалды. Бұл суды ауыстыру жағдайы Германия тарапына сенімсіздік білдіргендей болды. Түркіменстан тарапы Бердімұхамедов жергілікті судан ұшынып қалады деп ойласа керек", – деп жазады шетелдік басылым.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Ислам Каримовтің бейітіне гүл шоғын қойды (фото)

Брук Головкинмен жекпе-жектен кейін: Айқас дер кезінде тоқтатылды

БҚО-да алғаш рет әйел адам қала әкімі болып сайланды

Алматы тұрғыны күйеуге шығудың ерекше тәсілін ойлап тапты (фото)

Өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы ақыры Үндістанға қайтып оралды (фото)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып жіберді