RU

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны екі бірдей әкімді "жұмысынан шығарып жіберді"

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Әлия ауылының тұрғыны былығы ашылған шенеуніктердің бірін өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүр еткен.

Ал екінші әкім сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қызметінен қуылыпты деп хабарлайды Kerek-info.kz.

Ауыл тұрғыны Ерен Көздібаев осыдан бес жыл бұрын үй салу үшін жер алмақ болады. Алайда ол кейін өзіне тиесілі жердің әкімдік қызметкерінің қызына берілгендігін біледі. Осыдан соң ол арыз жаза бастайды. Тексеру жүргізген комиссия Бұлақ ауылының бұрынғы әкімін сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жұмысынан шығарады.

Ауыл тұрғыны шенеуніктердің өзге де былығын ашты. Тексеру кезінде Бұлақ ауылдық округінде бір-біріне туыс адамдардың жұмыс істегендігі анықталды. Әкімдік қызметкерлерінің бірі кейінгі ауыл әкімі А. Темірбайдың ағасының қызы екендігі белгілі болды. Кейін шенеунік өз еркімен қызметінен кетеді.

"Ерен Көздібаев облыс әкімі аппаратының шешімімен келіспей, сотқа шағым түсірді. Ол тексеру біржақты жүргізілген деп санайды. Оның сөзінше, ауыл тұрғындарынан жауап алынбаған. Тек Бұлақ ауылы әкімдігінің сөздері ғана ескерілген. Ауыл әкіміне жағымсыз себеппен емес, өз еркімен жұмыстан кетуге мүмкіндік берген", - дейді судья Азамат Қабылдинов.

Алайда азаматтық сот тексеру толық жүргізілген деп санайды. Ауыл тұрғынының арызына заң тұрғысында жауап берілген. Сол себепті судья шағымды қанағаттандырған жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Ислам Каримовтің бейітіне гүл шоғын қойды (фото)

Брук Головкинмен жекпе-жектен кейін: Айқас дер кезінде тоқтатылды

БҚО-да алғаш рет әйел адам қала әкімі болып сайланды

Алматы тұрғыны күйеуге шығудың ерекше тәсілін ойлап тапты (фото)

Өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы ақыры Үндістанға қайтып оралды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1248645-aqtobe-oblysynda-auyl-turghyny-eki-bir.html