Выйти
RU

Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал продюсер Ерік Тастембеков ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерік Тастембековтің ұлы Дамир шаңырақ көтерді. Оның таңдауы Виктория есімді аруға түскен.

 

Белгілі продюсер отбасындағы осы қуанышты оқиғаға орай той жасап, оған отандық эстрада жұлдыздарының бірсыпырасын шақырды.

 

Тойға Әли Оқапов, Серік Ибрагимов, белгілі әзілкештер қатысты.

Той Алматыдағы салтанатты мейрамханаларың бірі "Grand Opera"- да өтті.

Бір қызығы, дәл осы 10 қыркүйек күні, бұдан тура бес жыл бұрын продюсердің ұлы Дәмиля тұрмысқа шыққан екен. Сол себептен, 10 қыркүйек күні Тастембековтар отбасы үшін ерекше естеліктерге толы күнге айналып отыр.

 

"10 қыркүйек. Дәл осы күні, 2011 жылы менің қызым Дәмиля тұрмысқа шықты. Ал биыл ұлым осы күні шаңырақ көтеріп отыр. Бұл күн менің отбасымның жадында балаларымның өміріндегі ең бақытты күн ретінде мәңгі қалсын", - деп жазды ол желідегі парақшасына.

Желі қолданушылары арасында Дамирдің қалыңдығының ұлтына қатысты наразалықтарын білдіргендер болды. Олар продюсердің ұлын өзге ұлттың қызын алғанын мынады. Бұған қатысты продюсер қысқа қайырды.

"Ұялатындай ешнәрсе көріп тұрған жоқпын. Мен, керісінше, ұлымды мақтан тұтамын. Оның таңдаған қалыңдығының ұлты мен үшін мүлдем маңызды емес, мен үшін оның бақытты болғаны маңыздырақ", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар:

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Қазақстанда аборт жасауға тыйым салу ұсынылды

Тоқтар Төлешовтің меншігіндегі «Шымкентсыра» зауыты АТФ банктің меншігіне өтіп кетті

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны екі бірдей әкімді "жұмысынан шығарып жіберді"

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып қойды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Белгілі продюсер шаңырақ көтерген ұлының тойын дүркіретіп жасады (фото)