RU

Іздеуде жүрген сотталушы Құрбан Айтты тойлап жүріп ұсталып қалды

12 қыркүйек күні «Альтернативник» жедел-алдын-алу шараларының алғашқы күнінде биылғы қаңтар айынан бері іздеуде болған сотталушы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы мешіттердің бірінен ұсталды.

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«ҚАЖ пробация қызметінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, үш мыңнан астам шартты түрде сотталғандарға тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіп, 30-дан астам жаза өтеу тәртібінің бұзылуын анықтады», - деді республикалық пенитенциарлық жүйе мекемесі.

«Сарыағаш аудандық ІІБ криминалды полиция қызметкерлері нәтижелі жұмыс атқарды. Олар ҚАЖ қызметкерлерімен бірігіп, 2016 жылғы қаңтар айында іздеу жарияланған 19 жастағы сотталушыны (1 жылға шартты түрде, ұрлық үшін) ұстады. Ол Құрбан Айт мерекесін тойлау үшін мешітке барғанда ұсталды», - деді мекеме.

«Альтернативник» республикалық жедел-алдын алу шарасы 12 қыркүйекте басталды, негізгі мақсаты - бас бостандығынан айырусыз жауапқа тартылған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтардың қайталануының алдын алу, - деді ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті.

Тағы оқыңыздар:

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Қазақстанда аборт жасауға тыйым салу ұсынылды

Тоқтар Төлешовтің меншігіндегі «Шымкентсыра» зауыты АТФ банктің меншігіне өтіп кетті

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны екі бірдей әкімді "жұмысынан шығарып жіберді"

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып қойды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1248844-izdeude-zhurgen-sottalushy-qurban-aytt.html