Выйти
RU

8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

8 жасар ұлы мен екі көршісінің өліміне себепкер болған Қарағанды облысы Приозерск қаласының тұрғыны ауруханада қайтыс болды.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Балқаш ауруханасына 100 пайыз дене күйігімен, бас миының жарақатымен өте ауыр жағдайда ер адам түсті. Дәрігерлер барынша тырысып бақса да, оның өмірін сақтап қала алмады. Бүгін таңертең ер адам қайтыс болды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Қайғылы оқиға 12 қыркүйек күні түнде болған. Алдын ала болжам бойынша, отбасылық жанжал кезінде 49 жастағы ер адам 8 жастағы ұлына және өзіне жанармай құйып, өрт қойған. Осыдан кейін өзін-өзі өлтіру мақсатында ер адам 4 қабаттан секіріп кеткен.

Алынған жарақаттан бала көз жұмды. Және алдын ала болжам бойынша, жоғарғы қабаттағы пәтер тұрғындары - әйел мен кішкентай қыз өрт иісіне тұншығып қаза болған.

Ер адам ауруханаға жатқызылған.

Аталған факт бойынша, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Тағы оқыңыздар:

Бұрынғы күйеуіне тоқал алуға рұқсат берген шымкенттік келіншек алты баласын әрең бағып отыр (фото)

Қазақстанда аборт жасауға тыйым салу ұсынылды

Тоқтар Төлешовтің меншігіндегі «Шымкентсыра» зауыты АТФ банктің меншігіне өтіп кетті

Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны екі бірдей әкімді "жұмысынан шығарып жіберді"

Бердімұхамедовтің суын қырағы көмекшісі Меркельдің көзінше ауыстырып қойды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
8 жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғыны қайтыс болды